Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды

610

"ҚазАвтоЖол" ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың кей учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойған болатын, деп жазады inbsusiness.kz. 

Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды Фото: obk.kz

"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Абай өңірінде "Алматы-Өскемен" тасжолының 615-967 шақырымдары аралығында орналасқан Жетісу облысы шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы қалпына келтірілді.

"Жетісу өңірінде "Алматы-Өскемен" тасжолының 558-615 шақырымдары аралығында орналасқан Үшарал қаласынан Абай өңіріне дейінгі учаске ашық. Ал Р-20 "Сарыөзек-Көктал" күре жолының 45-68 шақырымдары аралығындағы Алтын Емел асуында көлік қозғалысына әлі де шектеу қойылып отыр", делінген ақпаратта.

22 қараша күні кеште ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолшылар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Сол күні түнде Абай облысының республикалық маңыздағы күре жолдарына 140 тонна құм-тұз қоспасы себілген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу