Көлік министрі ақылы жол тарифін 20 пайызға көтеруді ұсынды

419

Жергілікті жүргізушілерге тиісті жеңілдіктер қарастырылатын болады.

Көлік министрі ақылы жол тарифін 20 пайызға көтеруді ұсынды Фото: inbusiness.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев жолдарды тиісті деңгейде күтіп-ұстау мәселесі өзекті екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жолдарды күтіп ұстауға 80 млрд теңге қажет. Сондықтан, бюджетке артық салмақ түсірмеу мақсатында ақылы жолдарды енгізу жұмыстары жалғасатын болады. Бүгінде ақылы жолдардың жалпы ұзындығы – 3 мың 2 жүз шақырым. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл жолдардан 30 млрд теңге жиналды. Ол қаражат жолды күтіп ұстауға, ағымдағы жөндеуге және техника сатып алуға жұмсалды. Реконструкциялаудан өткен жолдарды нормативтік деңгейде күтіп ұстау мақсатында биыл 2 мың шақырымнан астам 11 учаскеге кезең кезеңімен ақы алуды енгізу жоспарланып отыр", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Министрдің дерегінше, елдегі ақылы жолдардың тарифі басқа елдерге қарағанда айтарлықтай төмен. 

"Осыған байланысты жолдарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындарды толық өтеу үшін қолданыстағы тарифті 20 пайызға өсіру мәселесі пысықталып жатыр. Жергілікті жүргізушілерге тиісті жеңілдіктер қарастырылатын болады. Негізгі жүктеме ел арқылы өтетін транзиттік автокөліктерге бағытталады", - деп түсіндірді Көлік министрі Үкімет отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу