Республикалық маңызы бар жолдардың барлығы ашық — ҚазАвтоЖол

634

Республикалық маңызы бар жолдар барлық бағыттар бойынша ашық, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.  

Республикалық маңызы бар жолдардың барлығы ашық — ҚазАвтоЖол Фото: liter.kz

Тасжолдарды қардан тазалап, құм-тұз қоспасымен өңдеуге 230 бірлік арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылды. Демалыс күндері күре жолдарға 300 м3-тен астам құм-тұз қоспасы себілген.

26-27 желтоқсан аралығында еліміздің 9 өңірінің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 40-тан астам рет қозғалысқа шектеу енгізілді. Жолшылар республикалық трассаларда қар құрсауында қалған 300-ден астам жүргізушіге көмек көрсетті. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар тасжолдар ашық.

Еске саламыз, жолда қалған жағдайда 1403 қысқа нөмірі бойынша жұмыс жасайтын call-орталықтың операторларына хабарласа аласыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу