Республикалық маңызы бар жолдардың бірінде қозғалысқа шектеу қойылды

471

2023 жылғы 15 шілде күнгі сағат 18:00-ден бастап 16 шілде сағат 08:00-ге дейін (14 сағат) Р-10 айналма жолында (Ақмола өңірі) көлік қозғалысы толық шектеледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАвтожол" мекемесіне сілтеме жасап.  

Республикалық маңызы бар жолдардың бірінде қозғалысқа шектеу қойылды Фото: inbusiness.kz

Мердігер ұйым жол жабының жоғарғы қабатын орнату жұмыстарын жүргізеді.

Балама жол ретінде Ы. Алтынсарин ауылы арқылы өтетін жолды (96 разъезд) қолдануға болады.

Сонымен қатар қалаішілік жолдар арқылы қатынауға болады: С.Мұқанов (мамандандырылған ХҚКО) – Баршын көшесі – Н.Тілендиев көшесі – Көктал көшесі – М. Дулатов көшесі – А. Герцен көшесі – Малахов көшесі – Сусамыр көшесі-30 – шы көше-Өндіріс көшесі.

"Жүргізушілерден жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарап, маршрутты алдын-ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу