Республикалық олимпиада жеңімпаздарына 29 білім гранты табысталды

497

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 422 оқушы жүлделі орындарға ие болды.  

Республикалық олимпиада жеңімпаздарына 29 білім гранты табысталды Фото: gov.kz

Оның 86-сы алтын, 127- сі күміс, 209-і қола медаль, деп жазады inbusiness.kz.

"Үздік олимпиадалық команда" номинациясының бас жүлдесіне НЗМ оқушылары ие болды. Бірінші орынды Алматы қаласының бірқатар мектептері мен Республикалық физика-математика мектеп командасы иеленді. Астана қаласы, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары екінші орынды жеңіп алса, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарының оқушылары үшінші орынға ие болды.

Сонымен қатар Абай облысының 10 сынып оқушысы Әмір Шәукенов "Ауылдық жердің үздік оқушысы" номинациясымен марапатталды.

Бұл олимпиаданың ерекшелігі биылғы жеңімпаз түлектерге білім гранты табысталды. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына 29 грант берілді. Ол Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Toraighyrov University, Satbayev University, IT Халықаралық университеті, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, Auezov University, Shakarim University, KBTU.

Естеріңізге сала кетейік, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада 20-25 наурыз аралығында Шымкент қаласында өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу