Республикалық ономастикалық комиссия жаңа облыстардың атауларын бірауыздан мақұлдады

1076

Бұған дейін республикалық ономастика комиссиясы Қапшағай қаласын Қонаев деп қайта атау туралы оң қорытынды берген болатын.

Республикалық ономастикалық комиссия жаңа облыстардың атауларын бірауыздан мақұлдады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтті. Іс-шараға комиссия мүшелері, оның ішінде Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы, Мәжіліс депутаты Мәлік Құлшар, ғылыми және сараптамалық қоғамдастық өкілдері қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия отырысы аясында Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстары әкімдіктерінің жаңадан құрылған Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарына атаулар беру туралы ұсыныстары қаралды. Сондай-ақ мемлекет меншігіндегі жекелеген нысандарды, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар қалаларындағы көшелерді қайта атау мәселелері қаралды.

"Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар әкімшілік-аумақтық өзгерістерді атап өтті. Олардың барлығы терең экономикалық негіздемеге ие, орасан зор мультипликативтік әсері бар. Дегенмен ең бастысы-қоғамдық пікірді ескеру маңызды. Енді Қазақстанда өз облыс орталықтары бар жаңа облыстар пайда болады. Атап айтқанда, Семей қаласы жаңа Абай облысының орталығына, Жезқазған жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығына айналады, осындай өзгерістер Алматы облысына да қатысты", – деді министр.

Кез келген қаланы, елді мекенді немесе көшені қайта атау ономастика саласын реттейтін заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылатынын атап өту қажет. Комиссия келіп түскен ұсыныстарды қарайды және қорытынды береді. Оң қорытынды болған кезде қайта атау туралы шешім Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері әкімдіктердің ұсынысын мақұлдады. Жақын арада комиссияның қорытындысы дайындалып, заңнамаға сәйкес одан әрі жұмыс істеу үшін облыстардың әкімдіктеріне жіберілетін болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу