Осы салтанатты іс шараға еліміздің барлық өңірінен 100 ден астам бала жиналды. Алматы облысынан 5 бүлдіршіні қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Барша қатысқан балаларға, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты табыс етілді. ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаев жаңа жылдық шырша шамын балалармен бірге жағып, ел президенті атынан дайындалған, ішіне презденттің құттықтау ашық хаты, энциклопедиялық кітаптар, планшет және тәттілер салынған рюкзактарды табыс етті. Сонымен қатар еліміздің танымал өнер майталмандары Маржан Арапбаева, Қарақат Әбілдина, Ержан Максим балаларға әннен шашу шашты. Артынша балалар "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театрының солисттері дайындаған "Күлбикеш" қойылымын тамашалады.