Республикалық "Таза су айдындары" акциясы басталды

161

Қазақстанда су экологиясын сақтау мақсатында басталған шара Каспий мен Жайық бойында жалғасын тапты.  

Республикалық "Таза су айдындары" акциясы басталды Фото: ҚР АШМ Балық шаруашылығы инспекциясы

Акция аясында Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының су айдындарында күнделікті талдау жұмыстары жүргізіліп, Жайық пен Қиғаш өзендері және Каспий теңізінің аумақтары иесіз қалған балық аулау құралдарынан тазартылды, деп жазады inbusiness.kz ҚР АШМ Балық шаруашылығы инспекциясына сілтеме жасап.

Жайық-Каспий бассейні бойынша балық шаруашылығы инспекциясы хабарлағандай, акция басталғалы Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарынан 1 тонна 242 келі тұрмыстық қоқыс жиналған. 

Су жағалауларын қоқыстан тазарту жұмыстарына ірі кәсіпорыннан еріктілер, тұрғындар мен балық шаруашылығы субъектілері де белсенді атсалысуда. 

Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитеті бекіткен "Таза су айдындары" Жайық-Каспий бассейнінде 20 наурыз бен 31 мамыр аралығында "Бекіре-2025" акциясымен қатарлас жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу