Республикалық трассаларда еріген қар суын бұру жұмыстары жүргізілді

Су басу қаупі бар жол учаскелері тәулік бойы бақылауда.  

Республикалық трассаларда еріген қар суын бұру жұмыстары жүргізілді Фото: QazAvtoJol

Өткен түнде жолшылар республикалық маңыздағы бірқатар күре жолда еріген қар суын бұру жұмыстарын жүргізді.

"Көліктердің жүріп-тұруын үздіксіз қамтамасыз ету үшін су басу қаупі бар жол учаскелері тәулік бойы бақылауда. Мәселен, өткен түнде жолшылар Батыс Қазақстан және Ақтөбе өңірлеріндегі үш республикалық трассаның жеті учаскесінде еріген қар суын бұру жұмыстарын атқарды. Атқарылған жұмыс нәтижесінде су басу қаупі сейілді. Жолшылар еріген қар суын  мотопомпалармен шығарып, жол жиектерін  инертті материалдары бар 2100 бірлік қаппен нығайтты. Қазір қозғалыс штаттық режимде жүзеге асырылуда", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі.

Жоғарыда аталған жұмыстар Ақтөбе облысындағы М-36 "Самара-Шымкент" тасжолының 576 және 578 шақырымдарында және А-26 "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" күре жолының 170, 182, 187 шақырымдарында жүргізілді.

Ал Батыс Қазақстан облысында бұл жұмыстар М-36 "Самара-Шымкент" тасжолының 479 шақырымында және "Подстепное – Федоровка" күре жолының 11 шақырымында атқарылды.

"Еріген қар суын бұру жұмыстарына 50 маман мен 20 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Республикалық маңызы бар барлық автожолдар ашық, су басқан учаскелер тіркелген жоқ", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу