Жоғарыда аталған өңір тұрғындарын алыс сапарға шықпауға шақырамыз. Ауа - райы болжамы мен тасжолдардағы ахуал туралы хабарламаларды ескеру қажет.
Штаттан тыс жағдай туындаса 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болады, - делінген хабарламада.
Абай облысында тіркемелі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін "Омбы-Майқапшағай" (Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін) және "Алматы-Өскемен" автожолдарында (Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейін) қозғалыс шектелді.
"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ-ның Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарындағы өңірлік филиалдарының күштері мен құралдары күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.
Автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс төмендегі жол учаскелерінде шектелді:
- "Өскемен-Семей" тасжолының Герасимовка ауылынан Семей қаласына дейінгі аралығы;
- "Омбы-Майқапшағай" тасжолының Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейінгі аралығы;
ШҚО-да тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін республикалық маңызы бар "Алматы-Өскемен" автожолының Қалбатау ауылынан Қасым-Қайсенов ауылына дейінгі аралығында қозғалысқа шектеу енгізілді.
Жетісу облысында "Үшарал-Достық" күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.