Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 8 учаскесінде жол қозғалысы шектелді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАвтожол баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысындағы жол қозғалысына шектеу енгізілген күре жолдар:
- — "Екатеринбург-Алматы" тасжолында Жақсы ауылынан Атбасар қаласына дейін;
- — "Жақсы-Есіл-Бұзұлық" тасжолында Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейін;
- — "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тасжолында Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
- — "Жезқазған-Петропавл" тасжолында Қостанай облысы шекарасынан Знаменка ауылына дейін;
- — "Екатеринбург-Алматы" тасжолында Атбасар қаласынан Астраханка қаласына дейін.
Ақтөбе облысындаауа райының нашарлауына байланысты (қар аралас жаңбыр, жел) көліктің барлық түрі үшін "Ақтөбе-Орск" тасжолының Ш.Қалдаяқова ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралығында жол қозғалысы уақытша шектелді.
Павлодар облысында төмендегі күре жол бөліктері жабылды:
- — "Астана-Ерейментау-Шідерті" тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралығы;
- — "Қызылорда-Павлодар" тасжолының Қарағанды облысының шекарасынан Павлодар қаласына дейінгі аралықта қозғалыс шектелді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу