Сайысқа Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан 13-14 жастағы 130 жасөспірім келіп қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сайыстың ашылу салтанаты Саран қаласының бас алаңында өтті. Жарысқа қала әкімі Ержан Темірханов, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов және жарыстың бас төрешісі Юрий Калинченко қатысты. Олар қатысушыларға сәттілік тіледі.
"Олимпиада үміті" жарысы - Қазақстандағы 13-14 жастағы спортшылар үшін басты дода. Жыл сайын ол Саран қаласында өтеді және жас велошабандоздар арасында өте танымал жарыс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу