Республикалық жолдарда әр 60 шақырым сайын бейнебақылау жүйесі орнатылады

1399

Өткен жылы жолдарды қайта жөндеу мен қалыпта ұстап тұруға 470 миллиард теңге кеткен.  

Республикалық жолдарда әр 60 шақырым сайын бейнебақылау жүйесі орнатылады

Енді, ақылы жолда да ақырын жүрмесеңіз айыппұл арқалауыңыз мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.    

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі республикалық және халықаралық маңызды  жолдарға да әр 60 шақырым сайын бейнебақылау камераларын орнатпақ. Жобаны жүзеге асыру үшін "ҚазАвтоЖол" қазақстандық-тайвандық компаниямен 26 миллиард теңгеге келісім жасасқан.

Бүгінде кез-келген көліктің орташа жылдамдығын анықтауға мүмкіндік беретін жүйеге қажеттілік жоғары. Себебі, еліміздегі жолдардың сапасы артқан сайын жол-көлік апаттары да көбейген. Мәселен, өткен жылы жол бойында 2547 жол-көлік апаты болған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 18%-ға көп. Ал, апаттардың 33,6%-на жылдамдықты арттыру себеп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу