Республикалық жолдардың 3%-ы ғана қауіпсіздік талаптарына сай

282

Жол-көлік апаттарының өсу себептері аталды. 

Республикалық жолдардың 3%-ы ғана қауіпсіздік талаптарына сай Фото: inbusiness.kz

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жыл сайын елімізде жол апатынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 19 мың адам жарақат алады. Апаттардың өсуіне себептер: тіркеу тәсілдерінің өзгеруі, автокөліктер санының өсуі. Былтырдан бері олардың саны 608 мыңға дейін өсті. Үшіншісі – инфрақұрылымның жағдайы. Төртіншісі – жүргізушілер тәртібінің сапасы", - деді министр Үкімет отырысында. 

Аталған мәселелерді шешу жолдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету концепциясында көзделген, деп жалғастырды ол.

"Оның тиімділігі көбіне әкімдіктер мен уәкілетті органдардың белсенділігіне байланысты. Қазір бұл байқалмайды. Қаржыландыру қалдық принципімен бөлінеді. Мысалы, Vision Zero бағдарламасы тек Алматы мен Павлодарда ғана жүзеге асырылды. Қалған әкімдіктер жарақат алуды азайту бағдарламасында жағдайды жақсарту бойынша нақты шараларды көрсетпеген. Әрине, біз мұның барлығы жергілікті бюджетке байланысты екенін түсінеміз, дегенмен де осы шараларды қабылдап жұмыс істеу керек. Басты шешім – қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сәденовтің дерегінше, республикалық жолдардың тек 3 пайызы ғана қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.

"Осындай жолдарды жөндеген соң ғана адам шығыны бірнеше есеге азаяды", - деді ІІМ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу