Республикалық жолдардың 61 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

235

Бұл туралы QazAvtoJol баспасөз қызметі мәлім етті.

Республикалық жолдардың 61 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді Фото: google.com

Күн райының бұзылуына (ауа температурасының төмендеуі, боран, жолдың көрінбей қалуы) байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 61 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Алматы обылысында – 1 учаске:
1. "Алматы-Шелек-Хоргос" 24-254 км. Арман АЖБ – Айдарлы а.ж.
(көліктің барлық түріне)

Ақмола облысында - 20 учаске:
Барлық бағыттар бойынша (жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Ақтөбе облысында – 1 учаске:
1. "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" автожолының 0-234 км, Қарабұтақ ауылынан- Қостанай облысының шекарасына дейін.
(жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Жетісу облысында - 3 учаске:
1. "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст.- Достық ст.;
2. "Сарыөзек-Көктал" 45-68 км, (Алтын Емел);
(автокөліктің барлық түріне)
3. "Алматы-Өскемен" 124-558 км, Жоламан а.-Үшарал қ.
(барлық жүк автокөліктеріне)

Жамбыл обласында - 3 учаске:
1. "Алматы-Ташкент-Термез" 534-593 км, Айша-Бибі а.-Түркістан облысының шекарасына дейін;
2. "Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен а.- Кайнар а.
3. "Мерке-Шу-Бурылбайтал" 124-558 км. Жоламан а.-Үшарал қ.
(жүк автокөліктеріне)

Қарағанды облысында - 7 учаске:
Барлық бағыттар бойынша
(жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Қостанай облысында - 7 учаске:
(жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Маңғыстау облысында – 1 учаске:
1. "Ақтау-Құрық" 13-72 км, Ақтау қ.-Құрық а.
(барлық автокөліктер үшін)

Павлодар облысында – 2 учаске:
(жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Солтүстік Қазақастан облысында – 14 учаске:
(жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Туркістан облысында – 1 учаске:
1. "Алматы-Ташкент-Термез" 593-652 км. Жамбыл обл.-Машат а.
(жүк автокөліктеріне)

Ұлытау облысында – 1 учаске:
1. "Қызылорда-Павлодар" 756-788 км. Жаңаарқа шекарасы- Қарағанды обл. шекарасы
(жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін).

Республикалық маңызы бар автожолдарда 527 бірлік техника мен 1273 қызметкер жұмылдырылды. 626 м3 көктайғаққа қарсы материал қолданылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу