Республикалық жолдардың бойындағы жер телімдері кімге беріледі?

Мұндай желілер бойында жалпы саны 1701 қызмет көрсету нысаны бар. 

Республикалық жолдардың бойындағы жер телімдері кімге беріледі?

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында орналасқан жер телімдерін жергілікті атқарушы органдардан "Қазавтожол" компаниясына беру жоспарлануда, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жол бойындағы сервистік нысандарды дамыту кезінде түрлі шектеулерге тап боламыз, өйткені олар қазір жергілікті атқарушы органдардың құзырында. Бұл мәселені шешу үшін біз Жер кодексіне жер учаскелерін беруге қатысты тиісті өзгертулер енгізуді ұсынып отырмыз. Республикалық жолдар бойында орналасқан телімдерді жергілікті атқарушы органдардан Ұлттық оператор – "Қазавтожол" компаниясына беру жоспарлануда", – деді Өскенбаев Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, бүгінде республикалық желі бойында 1701 қызмет көрсету нысаны бар. Биылғы жылы жеке инвестицияларды тарту арқылы 60-тан астам нысанды, атап айтқанда, жанармай құю стансалары, санитарлық тораптар салып, 70-ке жуық жұмыс істеп тұрған нысанды тиісті жағдайға келтіру жоспарлануда.

"Бүкіл республикалық желіні қамтамасыз ету үшін 200-ге жуық нысан салу қажет", – деді ИИДМ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу