Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның 7 мың шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. "Жезқазған – Петропавл", "Мұқыр – Құлсары", "Орал – Атырау" және басқа да автожолдар қамтылды, "Орталық – Батыс" автожолының, сондай-ақ "Ақтөбе – Ұлғайсын", "Қарағанды – Жезқазған" учаскелерінің, Сарыағаш, Рудный және Шымкент айналма жолдарының құрылысы басталды. "Қалбатау – Майқапшағай" жолы аяқталады.
Артық жүктемелерді бақылау үшін 60 автоматтандырылған өлшеу стансасы (АӨС) орнатылды, 2025 жылдың соңына дейін олардың саны 220-ға жеткізіледі.
"Цифрландыруға көп көңіл бөлінуде. Электронды билеттер, цифрлық диспетчерлеу, болжамды техникалық қызмет көрсету, зияткерлік көлік жүйелері енгізілуде", – деді көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.