Бұл тәуліктің түнгі мезгілінде жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Сонымен қатар, жол учаскелеріне жақын жайылымдары бар мал шаруашылықтары орналасқан жерлерге жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу үшін, Маңғыстау және Бейнеу аудандарына қарасты Төлеп ауылы, 5 бекет, 6 бекет, "Қарақұдық" кен орны бұрылысына, 7 бекет, Сайөтес ауылы маңы және де Жетыбай-Ақтау бағытындағы Мұнайшы ауылы маңына жалпы ұзындығы 40 шақырымды мал өтуін болдырмайтын сым қоршауларын орнату жұмыстары басталды.
Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алуда, Шетпе, Бейнеу елді мекендерінде 2 проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды. Жыл соңына дейін "Жетібай-Ақтау" автожол учаскесінде Батыр ауылы маңында қосымша 3 проекциялық жаяу жүргіншілер өткелін орнату жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ" Маңғыстау облыстық филиалы мәліметінше, республикалық маңыздағы "Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекістан республикасы шекарасы ақылы автомобиль жолында Сыңғырлау, Ақжігіт, Тәжен ауылдары маңында ұзындығы 6 шақырым мал өтуін болдырмайтын сым қоршаулары және де 60 дана күн сәулесінен қуат алатын батареяларымен жарықтандыру бағандары орнатылды.
Жыл соңына дейін жол қозғалысына қатысушыларға қолайлы жағдай жасау үшін, 1 санитарлық-гигиеналық торап орнату жоспарланып отыр.