Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, айтарлықтай өсім Жамбыл (12,3%), Абай (8,9%), Ақмола (8,1%) облыстарында және Алматы қаласында (9%) байқалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Төмен көрсеткіш Жетісу (4,7%-ға), Қостанай (3,5%-ға), Павлодар (2,6%-ға), Түркістан (2,6%-ға) және Қызылорда (1,5%-ға) облыстарында тіркелген.
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 35 963 млрд теңге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында – 18 827 млрд теңге (жалпы көлемнен 52,4%), өңдеу өнеркәсібінде – 15 230 млрд теңге (42,3%).
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда түсті металдар (105,6%), көмір өндіру (102,1%), сусындар (107%), темекі өнімдері (115%), химия (110,7%) және металлургия өнеркәсібі (104,7%), резеңке және пластмасса бұйымдар (104,9%), машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдар (102,5%) өндірісінің өсуі байқалды.