Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады - Қазгидромет

288

"Қазгидромет" РМК 31 қазанға арналған күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады - Қазгидромет Фото: inbusiness.kz

Республика аумағының басым бөлігінде Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен күн құбылып тұрады.

Елдің басым бөлігінде жауын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Түнде Қазақстанның орталығында (жаңбыр, қар), оңтүстік-шығыста, таулы аудандарда (жаңбыр, қар), күндіз оңтүстікте қатты жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал, солтүстік-батыста жел тұрып, жаяу бұрқасын соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу