Республиканың бірқатар өңірінде қар көшкіні өздігінен түсті

401

Зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ.  

Республиканың бірқатар өңірінде қар көшкіні өздігінен түсті Фото: gov.kz

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Министрліктің мәліметінше, Кіші Алматы өзен алабында №11 қар көшкінін жинағышында шамамен 300 текше метр болатын өздігінен қар көшкіні жүргені анықталды.

"Түскен қар массасы "Медеу-Шымбұлақ" автожолын жауып қалды. Жолды тазалауды "Қазселденқорғау" ММ Алматы қалалық филиалы жүргізді. Бұдан басқа Кіші Алматы өндірістік бөлімінің басшысы Кіші Алматы өзені алабында көлемі шамамен 250 текше метр болатын №7 "Қарақаптал" көшкін жинағышында қар көшкіні өздігінен жүргенін анықтады. Түскен қар массасы тау беткейінде тоқтады. Екі жағдайда да зардап шеккендер мен қиратулар болған жоқ", - делінген хабарламада.

Осыған ұқсас жағдай 6 наурыз күні Қатон-Қарағай ауданында тіркелді.

"Қазселденқорғау" ММ ақпараты бойынша жергілікті маңызы бар "Согорное ауылы-Барлык ауылы" автожолында жалпы көлемі 3000 текше метр болатын қар көшкіні өздігінен түскен. Зардап шеккендер жоқ. Қар көшкіні жолды толығымен жауып тастады. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен жол тазаланып жатыр. Қалпына келтіру жұмыстарына "Қазселденқорғау"  қызметкерлері мен  техникасы да барды", - деп хабарлады министрлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу