Реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензиясы тоқтатылады

332

Елімізде 35 реттелетін энергиямен жабдықтаушы ұйым бар.

Реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензиясы тоқтатылады Фото: Informburo.kz

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер ведомство басшысынан "Депутаттар мемлекет тарапынан реттелмейтін электр энергиямен жабдықтайтын ұйымдар жоқ жерден миллиардтап ақша тауып жатқанын айтып, олардың жұмысын тоқтатуды сұрады. Себебі олардың артында шетелдегі қазақстандық олигархтар тұр. Сіз бұл мәселеге байланысты не ойлайсыз?" деп сұрады. 

"Бұл мәселені Парламент депутаттары көтерді. Олар электр энергетикасы нарығынан энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды шығару туралы айтты. Қазір әзірге реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензиясын тоқтату туралы туралы шешім қабылданды. Қазақстанды жалпы саны 150 энергиямен жабдықтаушы ұйым бар. Оның ішінде 35-і реттеледі. Қалғанының лицензиясы қайтарып алынады. Яғни бұл қызмет түрі реттелетін энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен көрсетілетін болады. Олардың бәрі Энергетика министрлігі мен Табиғи монополияларды реттеу комитетіне бақылауында", - деп жауап берді Алмасадам Сәтқалиев.

Сөзінше, нарықтық тетіктер белгілі бір тауар түрінің профициті кезінде қолданылады. 

"Яғни егер нарықта электр энергиясының көлемі жеткілікті деңгейде көп болса, онда энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арзан электр энергиясын сатып алу мүмкіндігіне ие болып, бәсеке жағдайында бір-бірімен тұтынушы үшін күреседі. Қазір нарықтың құрылымы оған қарама-қарсы. Бізде электр энергиясы тапшы. Ондай кезде тұтынушы үшін емес, өндіруші үшін күрес жүреді. Өз кезегінде бұл өндірушілердегі бағаның көтерілуіне ықпал етеді. Нарықта мұндай жағдайды болдырмас үшін реттеуші шаралар қабылданды. Бұл монополист қалыптасады дегенді білдірмейді. Бұл нарықта тәртіп орнату деген сөз. Яғни мемлекет нарық дамуының осы кезеңінде баға белгілейтін барлық субъектіге толық бақылау жүргізетін болады", - деп түсіндірді министр Мәжіліс кулуарында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу