Реттеуші 6 мыңнан аса азаматтың қарызын қайта құрылымдады

1161

1 305 сот отырысында 1 100 шағым-талап бойынша шешім қарыз алушылардың пайдасына шығарылды.

Реттеуші 6 мыңнан аса азаматтың қарызын қайта құрылымдады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, 2021 жылы шамамен 27 мың өтініш келіп түскен. Оның шамамен 66%-ы екінші деңгейдегі банктердің жосықсыз әрекетімен байланысты, өтініштердің 30%-ы МҚҰ тарапынан бұзушылықтарға қатысты және 3%-ы коллекторлық агенттіктердің заңсыз әрекеттеріне қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Өтініштердің көпшілігі проблемалық берешекті реттеу, оның ішінде берешекті қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру рәсімдері арқылы реттеу, қарыз алушылардың борыш жүктемесін азайту жөніндегі ұсыныстарды қарау мәселелеріне қатысты", – деп жазылған агенттік таратқан хабарламада.

Агенттік жүргізген құжаттамалық тексерулер нәтижелері бойынша 93 қаржы ұйымына және 21 коллекторлық агенттікке жалпы сомасы 25,5 млн теңге болатын 92 ұсынымдық сипаттағы қадағалап ден қою шарасы, 54 жазбаша ұйғарым және 87 әкімшілік жаза қолданылды.

Қаржы реттеушісі келей консультативтік көмек көрсету үшін азаматтарды қабылдайды. 2021 жылы Call-орталық және жедел желі арқылы азаматтардың 5 570 аса қоңырауы өңделіп. Шамамен 5 мың қаржылық қызметтерді тұтынушымен кездесулер ұйымдастырылды. Олардың мәселелері бойынша жан-жақты түсініктемелер беріліп, құқықтық қолдау көрсетілді.

"Агенттіктің жәрдемдесуімен банктер мен МҚҰ 6 мыңнан аса азаматтың қарызын қайта құрылымдады. Ал атқарушылық іс жүргізу рәсімдері шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдады. Мамандарымыз 1 305 сот отырысына қатысты. Оның ішінде 1 100 шағым-талап бойынша шешім қарыз алушылардың пайдасына шығарылды", – деп жазылған агенттік таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу