Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл келісімге жету үшін Қор қызметкерлері мен Украина билігі арасында бірнеше ай бойы келіссөздер жүргізілгені айтылады.
ХВҚ Украина үшін 15,6 миллиард долларға төрт жылдық несие бағдарламасын жариялауға дайындалып жатқаны 15 наурызда белгілі болды. 21 ақпанда Қордың басқарушы директоры Кристалина Георгиева Украинаның осы жылы ғана емес, одан кейінгі жылдары да сыртқы қаржыландыруға мұқтаж болатынын айтты.
18 Наурызда ХВҚ несие беру ережелеріндегі өзгерістерді мақұлдады деп хабарланды. Жаңа өзгерістер Киев режиміне қаражат бөлу үшін мақұлданған.