Reuters: Иранның Ирактағы америкалық базаларға шабуылы салдарынан 80 адам қаза тапты

1002

Тегеран билігі Иранның соғысты қаламайтынын және бұл шабуылдардың тек генерал Касем Сулейманидің өлтірілуіне жауап ретінде жүзеге асырылғанын хабарлады.

Reuters: Иранның Ирактағы америкалық базаларға шабуылы салдарынан 80 адам қаза тапты

8 қаңтарда Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларына зымыран атқан болатын. Нәтижесінде 80 адам қаза тауып, америкалық тікұшақтар мен әскери жабдықтардың күл-талқаны шыққан, деп хабарлайды Reuters агенттігі Иранның мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасай отырып. 

Иранның мемлекеттік телеарнасының дерегінше, Иран Ирактағы америкалық нысандарға 15 зымыран жіберген.

Ресми Тегеранның мұндай қадамға баруына Дональд Трамптың бұйрығымен Иран генералы Касем Сулейманидің өлтірілуі итермеледі. Бұған дейін Иран билігі Құрама Штаттардан кек алатынын мәлімдеген болатын. Тіпті Дональл Трамптың басы үшін 80 млн доллар тіккен еді.
Тегеран билігі Иранның соғысты қаламайтынын және бұл шабуылдардың тек генерал Касем Сулейманидің өлтірілуіне жауап ретінде жүзеге асырылғанын хабарлады. Айта кететін жайт, генералды жерлеу сейсенбі күні өту керек болатын. Бірақ ол күні халық көшелерге шамадан көп жиналып, сығылыс салдарынан 56 адам тауып, 200-деп астам кісі түрлі деңгейде жарақат алған. 

Ақ үй басшысы Дональд Трамп бұл шабуыл бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтып, кейін ресми түрде мәлімдеме жасайтынын Твиттерде жариялады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу