Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов ревакцинация жасау қарқынын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Ревакцинация жасау қарқыны өте төмен. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге халыққа ревакцинация жасау қарқынын барынша арттыруды тапсырамын. Әкімдіктер бұл мәселені жеке бақылауына алуы тиіс. Ералы Ұлықпанұлы, (Үкімет басшысының орынбасары – автор) жалпы бақылау сізде", – деді Үкімет басшысы.
Сөз соңында ол медицина қызметкерлеріне алғасын айтты.
Дәурен Ерболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу