Ревакцинация: "Жасыл" статус қанша уақытқа беріледі?

867

25 қаңтардағы жағдай бойынша Алматыда 122 960 азамат қайта егілді.  

Ревакцинация: "Жасыл" статус қанша уақытқа беріледі?

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті коронавирусқа қарсы қайта вакцинациядан өткендер үшін "жасыл" статуст қанша уақытқа берілетінің айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ревакцинация жасаған кезде "жасыл" статусы тағы бір жылға, яғни 12 айға ұзартылады. Желтоқсан айында қайта егілгендер келесі желтоқсанға дейін "жасыл" статусқа ие болады", – деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.

25 қаңтардағы жағдай бойынша Алматыда 122 960 азамат қайта егілді.

Еске сала кетсек, 8 желтоқсаннан бастап екі доза вакцинациядан өткен барлық адамдар алты айдан кейін қайта екпе салдыруы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу