Ревакцинациядан кімдер бірінші өтетіні жарияланды

734

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакцинация қашан басталатынын және одан кімдер алғашқылардың бірі болып өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ревакцинациядан кімдер бірінші өтетіні жарияланды

Алексей Цой Президенттің тапсырмасына сәйкес, халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссия ел азаматтарын ревакцинациялау тәсілін нақтылағанын тілге тиек етіп, ревакцинация 22 қараша күні басталатынын айтты. Оның сөзінше, бұл шара 2 кезеңмен жүзеге асырылады.

"Ең алдымен ревакцинациядан тәуекел тобына кіретін азаматтар өтеді. Олардың екпе алғандығы мен бірінші вакцинация мерзімі ескеріледі. Жыл соңына дейін халықтың әлжуаз тобы ревакцинациядан өтеді. Олар – медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен контингенті, жабық балалар мекемелері, күштік құрылым қызметкерлері", – деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу