Ревакцинациялау елорда мен Атырау облысында өте төмен

782

Бүгінгі үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниият ревакцинациялау көрсеткіші 40 пайыздан төмен өңірлерді атады. Оның айтуынша, аталмыш өңірлерде халыққа түсіндіру жұмысы әлсіз.

Ревакцинациялау елорда мен Атырау облысында өте төмен

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов көш соңында қалған өңір әкімдеріне осы мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.

"Қазір елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша санитарлық талаптарды жеңілдету шаралары қабылданып жатыр. Соған қарамастан әкімдіктер вакциналау мен ревакциналау жұмысын жалғастыруы тиіс. Өңірлерде вакцина қоры жеткілікті. Ревакциналау елордада және Атырау облысында өте төмен", – деді премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу