Ревакцинациялау шаралары қашан басталады?

902

Бірінші кезекте медицина қызметкерлері мен педагогтар екпе алады.  

Ревакцинациялау шаралары қашан басталады?

Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Халықтың осал топтарын қорғау мақсатында халықты ревакцинациялау тәсілдері әзірленді және 22 қарашадан бастап тиісті контингентті ревакцинациялау басталады. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекеменің, жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері егілетін болады. Сондай-ақ ревакцинацияға белгіленген мерзімдерді ескермей 60 жастан асқан адамдар, сондай-ақ өз бетінше зерттеуден өткен және КВИ-ге қарсы антиденелерге тесттің теріс нәтижесі бар адамдар жіберіледі", – деді министр. 

Алексей Цойдың айтуынша ревакцинацияның екінші кезеңінде препарат вакцинацияның толық курсын аяқтағаннан кейін 6-9 ай өткен және 2022 жылдың қаңтарынан бастап ревакцинация мерзімі жеткен қалған азаматтарға егіледі. 

"Коронавирус инфекциясының тұрақты мутациясын, сондай-ақ егілмеген халық арасында ауру жағдайларының тіркелуін ескере отырып, мен халықты вакцинациялауға шақырамын. Бұл – вирустың таралуын азайтып, бұрынғы өмір салтына оралудың жалғыз тәсілі. Тағы да еске салғым келеді, ауырған адамдардың 96%-ы вакцинацияланбаған адамдар", – деді министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу