Резеңке бұйымдарының өндірісі қысқарды

747

Пластмасса өнімдерінікі керісінше артты.

Резеңке бұйымдарының өндірісі қысқарды

2020 жылдың қаңтар және тамыз айлары аралығында резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінің көлемі 145,3 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Energyprom.kz басылымы хабарлады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,3%-ға көп. 

2019 жылы өндірісі көлемі 15,6%-ға өсіп, 244,4 млрд теңге болған еді. 

Шығарылған бұйымдардың шамамен жартысы үш өңірге тиесілі: Алматы облысы (30,1 млрд теңге), Нұр-Сұлтан қаласы (22,5 млрд теңге) және Алматы қаласы (18,5 млрд теңге).

Биыл пластмасса бұйымдарының өндірісі артқан: күнделікті қолданатын заттар (+36,6%), сөмкелер мен қаптар (+35,8%), құбыр мен құбыршек (+14,9). Ал резеңке өнімдері өткен жылмен салыстырғанда аз жасалды: құбыр мен құбыршек (-20,3%), конвейерлік таспа мен жетекті белдік (-12,1%).

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу