"Ирина Қайратовна" тобының бейнеклиптерін түсірген танымал режиссер Қуаныш Бейсеков актриса Ғазиза-Таңшолпан Тілеубаймен шаңырақ көтерді. Бұл қуанышты жаңалық туралы олар Instagram парақшаларында бөлісті.
Жас актриса "Қазақ хандығы: Алмас қылыш", "Алтын тақ", "Мағжан" туындылары арқылы көрермендерге таныс.
"Алланың қалауымен некемізді қидық", – деп жазды Қуаныш Бейсек.
Ал актриса "Үйінің кенже ұлы мен үйдің кенже қызы келісті, сенің де қолыңнан келеді", – деп жазылған фото жариялады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу