Режиссер Сатыбалды Нарымбетов өмірден озды

1099

Қазақстандық кинорежиссер, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Сатыбалды Нарымбетов қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Режиссер Сатыбалды Нарымбетов өмірден озды Фото: kazpravda.kz

Сатыбалды Жәұлы Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Түркістан облысы Түркістан ауданы Ащысай ауылында туған. Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын (1969 жылы) бітірген. 1984 жылы жоғары режиссерлік курсты Г.Н. Данелияның шеберханасы бойынша аяқтаған. 1969 жылдан бастап "Қазақфильм" студиясында сценарийші әрі кинорежиссер ретінде қызмет еткен.
1970 жылдан бастап "Қазақфильм" киностудиясының кинорежиссері болған. 2005 жылдан бері Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Дебют" бірлестігінің жетекшісі қызметін атқарған. 
Режиссер 75 жасында өмірден қайтты.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу