Пилоттық жобаны ведомство ҚР Сыртқы істері және ҚР Ішкі істер министрлігімен бірге іске асырған.
Бұл жоба Вашингтон, Сеул, Бішкек, Мәскеу, Прага, Дубай, Нью-Йорк, Санкт-Петербург, Майндағы-Франкфурт, Стамбұл және Бейжің қалаларында орналасқан Қазақстан Республикасының 11 дипломатиялық өкілдіктерінде жүзеге асады.
Жобаның негізгі мақсаты – әлеуетті шетел инвесторлардың Қазақстанның онлайн аукциондарына қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Резидент емес жеке тұлғалар ЭЦҚ-ны "бір терезе" қағидаты бойынша ала алады. Ол үшін шетел азаматтардың өзімен бірге төлқұжаты, төлқұжатының электрондық көшірмесі (pdf форматында), аты-жөнінің кириллицаға, қажет болған жағдайда латын әліпбиіне (pdf форматында) нотариалды куәландырылған аудармасының электрондық көшірмесі және USB-flash жинақтаушы (ЭЦҚ кілттерін сақтау үшін) болуы қажет.
Резидент емес заңды тұлғалар алдын ала Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында тіркеліп, БСН-ді онлайн алу арқылы ЭЦҚ-ны Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінен де ала алады.
Қызмет 2 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі.