РФ 2018-2019 жылдары Қазақстанға жыл сайын 1 млн тонна бензин жеткізуді жалғастырады – Энергетика министрлігі

843

РФ 2018-2019 жылдары Қазақстанға жыл сайын 1 млн тонна бензин жеткізуді жалғастырады – Энергетика министрлігі

Ресей 2018-2019  жылдарға дейін Қазақстанға жылына 1 млн тоннадай бензин жеткізуді одан әрі жалғастыра береді, деп мәлімдеді журналистерге ҚР энергетика министрінің орынбасары Кирилл Молодцов.

Оның айтуынша, Қазақстанның мұнай өңдеуші зауыттары аталған мерзімге дейін жаңғыруды аяқтамайды.
"Қазақстан Павлодар МӨЗ-ді жаңғыртуды аяқтаған жоқ, Шымкент зауыты аяқталмады. Егер олар жаңғыртуды аяқтайтын болса, ал ол меніңше 2018 жылдың соңы немесе  2019  жылдың басы болуы мүмкін, онда олардың ішкі нарығы толықтай қамтылады. Әзірше біз оларды жылына 1 млн тонна бензинмен қамтамасыз етіп отырмыз.  Бұл бізден баж салығынсыз жөнелтілетін көлем. Ол біз үшін салмақ, жоспарымыз бен жұмысымызды қайта түзетуді қажет етеді", – деп атап өтті К.Молодцов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу