РФ әскери авиациясы "Союзды" қондыруды қамтамасыз ету үшін Қазақстанға келді

573

РФ әскери авиациясы "Союзды" қондыруды қамтамасыз ету үшін Қазақстанға келді

Ресейдің әскери авиациясы мен орталық әскери округінің (ОӘО) машина-амфибиясы 14 желтоқсанға жоспарланған "Союз МС-05" транспорттық басқарылатын кемені іздеу-құтқаруды қамтамасыз ету үшін Қазақстанның жедел әуе айлақтарына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   

"Оны қондыруға Ми-8 12 тікұшағы, Ан-26 үш ұшағы мен Ан-12 екі ұшағы, сондай-ақ 18 автотехника тартылды. Операцияға жеке құрамның 200-ден астам адамы, соның ішінде Орталық әскери округтің әскери медиктер бригадасы қатысады. Техника Қазақстан Республикасының жедел әуе айлақтарына жеткізілді", - деп хабарлады орталық әскери округтің баспасөз қызметінде.

14 желтоқсанда құрамында ресейлік ғарышкер Сергей Рязанский, NASA астронавты Рэндолф Брезник пен ESA астронавты Паоло Несполи бар халықаралық экипаж Жерге оралады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу