РФ азаматы ақтөбелік полиция қызметкеріне пара бермек болды

965

Полиция қызметкеріне пара беруге тырысқаны үшін Ресей Федерациясының азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

РФ азаматы ақтөбелік полиция қызметкеріне пара бермек болды

8 қарашада Ақтөбенің іргесіндегі Заречный елді мекенінде ЖҚЕ бұзғаны үшін 56 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Volvо FN жүк автокөлігі тоқтатылған.

Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін полицияға пара ұсынған. Алайда полиция қызметкері ақшадан бас тартқан.

Принципті берік ұстанған полицей сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы өзінің тікелей басшылығына және өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабының 1-бөлігімен (Пара беру) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу