РФ Иркутск облысындағы Лена өзенінде екі танкер соқтығысты

412

Кирен ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді. 

РФ Иркутск облысындағы Лена өзенінде екі танкер соқтығысты Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Лена өзенінде екі танкер соқтығысып, Иркутск облысының Кирен ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл туралы сейсенбіде аймақ губернаторы Игорь Кобзев өзінің Twitter-арнасында хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Қазіргі уақытта Лена өзеніне ағылған мұнай өнімдерінің көлемін нақтылап жатырмыз. Ауданда төтенше жағдай режимі енгізілді. Өзеннің кеме қатынасы арналғандығы жағдайды одан әрі қиындатып отыр. Сонымен қатар, өзеннің төменгі жағында елді мекендер бар", - деді губернатор.

Ол "Ерофей Хабаров" танкері 832 тонна бензин тасымалдағанын атап өтті. Соқтығысу нәтижесінде 138 тонна жанармай құйылған резервуардың бірі зақымдалып, мұнай өзенге төгіле бастаған.

Экипаж бензинді бүтін контейнерге айдады.

Кеменің айналасына қоршау орнатылды, сонымен қатар 300 кг сорбент қолданылды. Соқтығысқан кемелердің екіншісі - ТР-901-қазір жөндеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу