Ресейдің Новосібір облысынан Қазақстанға 80 тонна пияз қайтарылды

688

Ресейдің Новосібір облысынан Қазақстанға 80 тонна пияз қайтарылды

Ресей ауыл шаруашылығын бақылау басқармасының инспекторлары бір аптаның ішінде Қазақстаннан Ресейге түйінді пиязды төрт рет заңсыз  алып өту әрекетінің ізін кесті. Ұсталған жүктің жалпы салмағы 80 тоннаны құрайды. Бұл туралы Новосібір облысы бойынша Ресей ауыл шаруашылығын бақылау басқармасынан хабарланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жексенбі күні Қазақстаннан автокөлікпен Новосібір облысының аумағынан әрі қарай Кросноярск қаласына тасымалдау үшін заңсыз 20 тонна түйінді пияз алып өтпек болған.

"Новосібір облысы бойынша Ресей ауыл шаруашылығын бақылау басқармасының инспекторлары "Қарасуық" фитосанитарлық бақылау бекетінде жүргізілген тексеру барысында өнім туралы ақпараттың, оның қай жерде өндірілгендігі, қаптамасында таңбаланудың болмағанын анықтады", - делінген басқарманың хабарламасында.

Карантиндік заңнаманың талаптарына сәйкес, Ресей аумағына фитосанитарлық қаупі жоғары өнімді тасымалдауға тыйым салынды. Жүк Қазақстанға кері қайтарылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу