РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев Астанаға келіп жетті

752

Көрші елдің премьер-министрін Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды деп күтіледі.

РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев Астанаға келіп жетті

РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев Астанаға келді. Ертең ол ТМД елдері үкімет басшыларының отырысына қатысады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Үкімет аппаратынан хабарланғандай,  бүгінге Дмитрий Медведев пен еліміздің  премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың келіссөздері жоспарланған.  Онда сауда, экономика, инвестиция, жоғары технологиялар, энергетика, өнеркәсіп және көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланады. Бұдан басқа, екі елдің үкімет басшылары Орталық Азия мен Каспий аймағындағы жағдайды қозғайды.

Сондай-ақ, көрші елдің премьер-министрін Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды деп күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу