Ол Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан басылымы.
Бұған дейін үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің жиынында ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы тосқауылдарды жою, ұлттық ақпараттық жүйе интеграциясы, кедендік реттеу саласындағы қарым-қатынас және одақта ортақ нарығы құру мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар Еуразиялық одақ елдерінің үкімет басшылары еуразиялық кеңістікте ұлттық валютаны пайдалануды көбейту мен қорғау шараларын жетілдіру бойынша бастамаларды талқыламақ.
Мишустиннің сондай-ақ "Жаһандық экономиканың цифрлы болашағы" атты форумға қатысатыны жоспарланған.
Табиғат Нұрболат