РФ СІМ Сириядағы жағдайды реттеуге арналған Астанадағы кездесудің маңыздылығын атап көрсетті

805

РФ СІМ  Сириядағы жағдайды реттеуге арналған Астанадағы кездесудің маңыздылығын атап көрсетті

 Астанада 23 қаңтарда өтетін Сирияаралық кездесу сириялық реттеу  параметрлерін  әзірлеуге маңызды үлес қосады, деп санайды РФ СІМ Сергей Лавров.

 "Келесі аптада Астанада Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция делегациялары арасында сирияаралық кездесу өтеді. Бұл кездесуді Сирия Араб республикасында жан-жақты саяси реттеудің параметрлерін әзірлеуге маңызды үлес қосатын кездесу ретінде қарастырамыз", – деді Сергей Лавров  ШЫҰ елдерінің саяси кеңесінің ашылуы кезінде.

Сондай-ақ оның "ақпанның басында Женевада кең ауқымды шараларда жалғасатынын" айтты.

РФ СІМ басшысы "сирия дағдарысында жағымды өзгеріс байқала бастағанын" атап өтті.

"Қалай дегенмен  барлығы қазірдің өзінде-ақ БҰҰ ҚК қарары негізінде жалпыұлттық үнқатысу арқылы саяси-дипломатиялық реттеудің басқа баламасы жоғымен келісіп отыр", –деп тоқталды министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу