Риддер халқы дендросаябақты мектеп құрылысына беруге қарсы

459

Табиғатты күтіп ұстау мақсатында наразылық білдірді. 

Риддер халқы дендросаябақты мектеп құрылысына беруге қарсы Фото: inbusiness.kz

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғындары дендросаябақтың орынына мектеп салуға қарсы. Олар қарсылығын петиция арқылы білдірді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

“Бұл саябақтағы өсімдіктерді орман техникумының оқушылары мен оқытушылары жылдар бойы еңбектеніп өсірген. Онда емен, балқарағай, жаңғақ ағаштары және басқа да сирек кездесетін өсімдіктер бар. Ауданда жаңа тұрғын үйлердің салынуына байланысты мектеп салу қажеттілігі туындады. Біз келісеміз, мектеп шынымен қажет. Бірақ құрылысқа әлдеқайда ыңғайлы басқа да орындар бар”, - деп жазылған президент атына жолданған петицияда.

Петиция табиғатты қорғау, ағашты кеспеу мақсатында жазылған.

“Біз, Риддер қаласының тұрғындары, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды талап етеміз. Біз дендропарк орнында мектеп салуға тыйым салуды сұраймыз және қала тұрғындарының да, болашақ мектеп оқушыларының да мүдделеріне жауап беретін құрылыс орнын ауыстыру мәселесін шешуді сұраймыз”, - деп көрсетілген наразылық хатында.

Ал қалалық әкімдіктің ақпараты бойынша, бұл жоспар 2008 жылы облыстық мәслихатта қаланың бас жоспарына сай бекітілген.

Бірақ тұрғындар “мәселе халық келісімі алынбағанында болып отыр” дейді. Олар мемлекет басшысының назар аударуын сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу