Риддер қаласында қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттайды

495

Бағаның қымбаттауы автопарктердегі қордаланған мәселені шеше ме?

Риддер қаласында қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттайды

Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласында автобус жолақысы қымбаттайды. Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлікпен қатынау құны ересектерге 130 теңгеге көтеріледі.

Автобустардағы баға осы жылдың 21 қаңтардан бастап өседі. Қала әкімдігінің мәліметінше, қоғамдық көлікпен қатынау құны ересектерге 130 теңге, балаларға 65 теңге болады. Ал зейнеткерлер 115 теңге төлейді. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген адамдарға, қаза тапқан майдангерлердің жесірлеріне, концлагерь тұтқындарына, қоршауда қалған Ленинград тұрғындарына және 80 жастан асқан азаматтарға қоғамдық көлікпен жүру тегін.

- Өткен жылдың тамыз айында қаладағы қоғамдық кеңестің бастамасымен әкімдік пен тасымалдаушылардың қатысуымен отырыс өтті. Онда жолақыны көтеру қоғамдық көлікке қатысты туындаған мәселелерді шешуге септігін тигізеді деп келісілді. Тарифті көтеру көптен бері шығынға батып жүрген автопарк иелерінің жағдайын реттейді, - деп хабарлады қала әкімдігі.

Әкімдік автобустардың жаңарып, жөндеуден өтетінін айтуда. Десе де, тұрғындар қоғамдық көліктердің дұрыс қатынамайтындығын наразы.

- Қалада күн аязды күндері автобустар кестеден жиі кешігеді. Ұзақ күтеміз. Енді міне, бағаны көтеріп жатыр. Жолақы көтерілгенімен мәселенің шешілуі екіталай. Кеше автобустар жүре ме деп сұрасам, демалыс күндері жүрмейтінін айтты, - дейді Риддер қаласының тұрғыны Кристина Сёмина. 

Таунар Қайратұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу