Риддер қаласында Орталық Азиядағы ең үлкен тау шаңғысы курорты салынбақшы

621

Таудан сырғанау үшін барлық жағдай жасалады. 

Риддер қаласында Орталық Азиядағы ең үлкен тау шаңғысы курорты салынбақшы Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында Орталық Азиядағы ең үлкен тау шаңғысы курорты салынатын болды. Тау шаңғысы курортының жобасын әзірлеу алдағы айларда басталады.

Белсенді қысқы демалысты жақсы көретіндер үшін "Анатау" атты жаңа демалыс орны Риддер қаласында салынбақшы. Нысанның дәл осы өңірде салынуының басты себептерінің бірі табиғатының көркемдігі. Сонымен бірге, мұнда шағын демалыс орындары қысы-жазыжұмыс істеп тұратындықтан келетін туристерде біршама көп. 

- Шаңғышыларға тауға көтеріліп, сырғанау үшін барлық жағдай жасалады. Демалыс орнының инфрақұрылымы мемлекет бюджеті есебінен жүргізілсе, мейрамханалар, демалыс базалары, қонақүйлер мен ойын-сауық нысандары инвесторлар қаражатына салынады, - дейді қала әкімі Дмитрий Горьковой.

Оның айтуынша, тау шаңғысы курортының жобасын әзірлеу алдағы айларда басталады.

- Дәл осындай ірі курорттарды жобалауға маманданған жобалаушыларды таптық. Сәуірде олар Алматыдан Риддерге келеді. Сонда біз жобаның барлық егжей-тегжейін талқылаймыз. Жобаны іске асырғаннан кейін бұл Орталық Азиядағы ең ірі тау шаңғысы курорты болмақ. Нәтижесінде, өңірімізге қосымша инвестиция тартылып, еліміздегі, жақын және алыс шетелдегі туристер осында ағылады деп сенеміз, - дейді шаһар басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу