Риддер қаласындағы қар көшкіні өзен арнасын бөгеп тастады

581

Жалпы облыс бойынша мұз кептелу қаупі жоғары 16 учаске бар. 

Риддер қаласындағы қар көшкіні өзен арнасын бөгеп тастады Фото: Төтенше жағдайлар департаменті

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүріп, өзен арнасын жауып қалды. Биыл аймақтың кей өңірлеріне қар қалың жауғандықтан көшкін түсу қаупі әлі сейілген жоқ. 

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкіні  Риддер қаласындағы "Риддер-Чекмар" тасжолының 41-шақырымында түскен. Белгілі болғандай Белая Уба өзенінің арнасын жауып қалған.
Соған байланысты мұз кептелісі мен жақын маңдағы үйлерді су басуының алдын алу үшін жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар жарылыс жұмыстарын жүргізді.

Өзендегі жарылыстан ұсақталған мұздың жалпы ауданы 4500 шаршы метрді құраған.

- Жалпы облыс бойынша мұз кептелу қаупі жоғары 16 учаске бар. Онда наурыз айының басынан бері мұзды ұсақтау үшін профилактикалық жарылыстар жасалуда. Нәтижесінде елді мекендерді су басу қаупі барынша азайтылып жатыр, - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу