Риддер қаласының жылу қазандығы әбден тозған

653

Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласының жылу қазандығы әбден тозған. Жуықта Қазақстан Энергетика министрлігі нысанға профилактикалық бақылау жүргізді. 

Риддер қаласының жылу қазандығы әбден тозған

Белгілі болғандай қаладағы негізгі жылу көзі осы – "Риддер ЖЭО" АҚ. Нысан 1956 жылы салынған. Қазақстан энергетика министрлігінің профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша кәсіпорында станция жабдығын пайдалануға және техникалық жай-күйіне қойылатын талаптардың дұрыс орындалмағаны анықталған. 

– Электр станциясының негізгі және қосалқы жабдықтары айтарлықтай тозған, ауқымды жаңғырту мен жаңартуды талап етеді. Бақылау нәтижелері бойынша кәсіпорынға анықталған кемшіліктерді жою бойынша 70 тармақтан тұратын нұсқама берілді, – дейді Ведомство өкілдері. 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің деректері бойынша, бүгінгі күні жабдықтардың тозуы 71,5%-ды, оның ішінде қазандықтардың тозуы – 86,4%-ды құрайды. Барлық алты қазандық, 6 және 35 МВт екі бу турбинасы, вагондарды түсіру жүйесі тозған.

"Риддер ЖЭО" АҚ техникалық тексеру бойынша "Алматы энергетика және байланыс университеті" КЕАҚ қорытындысына сәйкес станцияның қанағаттанарлықсыз жағдайы расталады. Сарапшылар нысанның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін арттыру үшін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.

Облыс әкімдігі компания басшылығымен, және Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың төрағалығымен бірқатар кеңестер өткізді.

Қорытындысы бойынша жылумен жабдықтаушы компанияға Риддер қаласын үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін жеткілікті ЖЭО және жылу желілерін жөндеу үшін негіздемелермен және қаржыландыру көздерімен есептерді ұсыну тапсырылды. 

Риддер қаласының жылу беру маусымына дайындығы ерекше бақылауда, деп хабарлады әкімдік.

Таунар Қайратұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу