Риддер тұрғындарына болуы мүмкін эвакуация туралы ескертілді

347

Бұл туралы Риддер қаласының әкімдігі хабарлайды. 

Риддер тұрғындарына болуы мүмкін эвакуация туралы ескертілді Фото: видеодан скриншот

Жергілікті атқарушы билік пен төтенше жағдайлар қызметі Риддер тұрғындарына эвакуация болуы ықтимал екенін ескертті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Желтоқсанның 8-іне қараған түні Хайрузовка өзенінің арнасында қардың салдарынан су деңгейі көтеріліп, соның кесірінен Киров көшесі мен Өскемен және Хариузовский қиылысындағы жеке сектордың төрт аула аумағын су басқан.

"Риддер қаласының ТЖБ қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар халықты хабардар етті. Сондай-ақ, ықтимал эвакуация жағдайында күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді. Сонымен қоса, Риддер қаласы әкімдігінің халқын уақытша орналастыру үшін "Риддер колледжі" КММ ғимаратында уақытша орналастыру пункті уақытылы дайындалды. Алайда, халық эвакуациядан бас тартты", - деп жергілікті әкімдік мәлімдеді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта қалада суды айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аула аумақтарынан және үйлерден су айдау үшін мотопомпалар тартылып, мұздан тазарту және өзен арнасына қарай еңіс жасау үшін арнайы техника тартылды. Жағдайдың салдарын жоюға жеке құрамның 20 адамы, 7 бірлік техника және екі мотопомпалар жұмылдырылды.

Сондай-ақ, әкімдік жағдайдың бақылауда екенін айтып, келтірілген шығынды бағалау үшін арнайы комиссия құрды. Қазірге кезде Риддер қаласында су, жылу және электр энергиясы толық көлемде қамтамасыз етілген. Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі мен облыстық төтенше жағдайлар қызметінің басшылығы аттанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу