Риддер тұрғындарының жылу үшін төлейтін ақысы қайта есептеледі

567

Риддер қаласында тұрғындардың бұған дейін жылуға төлеген ақшасы қайта есептелуі тиіс. Бұл туралы өңірлік табиғи монополияны реттеу департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Риддер тұрғындарының жылу үшін төлейтін ақысы қайта есептеледі Фото: Shutterstock.com

Қаланың жылу жүйесінен ақау шығып, 22 мың абоненттің жылусыз қалғанын айтқан едік. Пәтердегі температура 15-17 градустан аспайды. Қазір орталық  қазандықты жөндеп жатыр. Ертең толық қуаттылықпен жұмыс істеуі керек. Осыған қарамастан, жаураған жұртқа жылу ақысын төлеу бойынша түбіртек келіп жатыр. Онда осы жылу температурасының төмендеп кеткен күндері  ескерілмеген. Сондықтан табиғи монополияларды реттеу департаментінің өкілдері тұрғындарға жергілікті пәтер иелері коооперативімен бірге жылу аз  берілген күндерді тіркеп, жылу беру станциясына арыздануға кеңес береді. Егер ол арыз ескерілмеген жағдайда департамент тұрғындардың құқығын қорғайды. 

"Егер екі жақтан келісім табылмаған жағдайда тұтынушылар мен кондоминимум мүшелері біздің департаментке өтінішпен жүгіну арқылы өз құқықтарын қорғай алады. Өз кезегінде осы өтініштің негізінде жылу беру компаниясына тексеріс ашып, тиісті анықтама, талдау жүргізу арқылы өз жұмысын жүргізеді", - деді табиғи монополияларды реттеу агенттігі ШҚО департаменті басшысының орынбасары Жұмагүл Мүсіпова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу