"Риддер ЖЭО" АҚ бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

552

Тұрғындар қыстай суық үйде күн кешті. 

"Риддер ЖЭО" АҚ бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды Фото: АО Риддер ТЭЦ

Әлеуметтік желілерде Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдері "Риддер ЖЭО" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Қайыржан Мимикенов пен кәсіпорынның экс-басшысы Олеся Имашеваны 2,5 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен қолға түсірді деген ақпарат тараған болатын. 

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі аталған іс бойынша тексеру жүріп жатқанын жазды.

– ШҚО бойынша экономикалық зерттеу департаменті "Риддер ЖЭО" АҚ жауапты тұлғаларына қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 4-тармағына сәйкес кәсіпорын мен жабдықтарды күтіп ұстау үшін жүргізілетін жөндеу жұмыстарына бөлінген ақшаны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі зерттеп жатыр. Өзге мәліметтер таратуға жатпайды, – делінген ҚР Қаржы мониторингі агенттігі ұсынған мәліметте.

Риддер тұрғындары жылу электр орталығын осындай күйге жеткізген адамдарға қатаң жаза қолдану қажет деп әлеуметтік желілерде талай рет шағымданған еді. Апатты жағдай көп болған соң "Риддер ЖЭО-ның" жұмысы тоқтап қала жаздаған болатын. Қалада төтенше жағдай жарияланып, тұрғындар пәтерлерінде тоңып отырды. 

Қазір жылу электр орталығындағы алты қазандықтың барлығы толықтай жөндеуді қажет етеді. Мердігер ұйым былтырғы жылыту маусымындағы сияқты күрделі жағдай болмас үшін тиісті жұмысты аз уақытта аяқтаулары тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу